A place where you need to follow for what happening in world cup

Қапал ауылына интернет желісі тартылады

300

Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері басталғаны белгілі.
Қапал ауылында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Атамұра, У.Қайназаров, Тұран, Игілік көшелері орта жөндеуден өткенін және биыл ауылға интернет желісі тартылатынын, сондай-ақ «Транстелеком» мекемесімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Бұл туралы Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен есеп беру кездесуінде айтты. Есепті баяндамасынан кейін тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді.
Жиынға әлеуметтік желі (инстаграм) арқылы қатысқан тұрғын Нұрлан Қосыбаев кешкі уақыттарда электр желісі қуатының әлсіз болатынына байланысты жаңа трансформатор орнатылып берілсе деген тілегін тілге тиек етті. Ауыл тұрғыны Бақытжан Игіліков ауылға келетін жолдағы көпірді кеңейту қажет екенін сөз етіп, осы мәселені назарға алуын өтінді. Тұрғындардың «Қапал ауылын кеңейту мақсатында жер телімдері беріле ме? 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиені қалай алуға болады?» деген сауалдары жауапсыз қалмады. Округ әкімі бұл бойынша құзырлы мекемелерге сұраныс хат жолдайтынын, қажетті қаражат бөлінсе, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Соңынан сөз сөйлеген зейнеткер Есенгелді Ошақбаев округ әкімінің есебіне оң бағасын берді.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.