A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудиториялардың суық болуы туралы шағым түспеген

5 983

Тараз қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді 2021 жылдың 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында жалпы 2276 оқушы 14 лек бойынша тапсыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 831 оқушы тест тапсырды.
Тестілеу М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің базасында өткізілуде (Қ.Сәтбаев көшесі №28).
Тестілеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жауапты – Мемлекеттік комиссия. Тестілеуді өткізуге жауапты – Ұлттық тестілеу орталығы.
23 қаңтар күні ауа райының күрт суынуына байланысты тест өткізілген ғимараттың дәліздері салқындау болды. 24 қаңтардан бастап аудиториялар мен ғимараттың дәліздеріне қосымша электр және дизельдік жылыту құрылғылары орнатылды.
Қазіргі таңда аудиториядағы ауа температурасы 19-20 градус аралығында, қалыпты деңгейде.
Оқушылар мен бақылаушылар тарапынан аудиториялардың суық болуы туралы шағымдар түспеген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.