A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қанды қаңтар» кезінде қаржыларын шет ел асырып үлгергендер кімдер: танымал әулеттің мүшелері бар ма?

124

Мәжіліс отырысында «Ақ жол» фракциясының атынан депутат Мақсат Раманқұлов де-офшоризация мәселесін көтеріп Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы Жаннат Элимановқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы qamshy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат «Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең екенін айтады.

– «Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қаражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған.  Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз. Сонымен қатар, Қаңтар қасіретінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударған туралы ресми емес ақпарат бар», – дейді ол.

Мақсат Раманқұлов «Ақ жол»  фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен төмендегідей мәселелер бойынша мәлімет беруді сұрап, нақты қадамдар жасауға шақырды:

1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру.

2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге қандай ірі қаражат шығарылды (миллион АҚШ доллардан көп суммалар), оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түсті.

Сол күрделі күндерде көлеңкелі капиталдар шығарылды, деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсын. Бірақ шығарылған қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін.

3) Сондықтан бұндай фактілер болған жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржынын шығуының заңдылығын және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.