A place where you need to follow for what happening in world cup

Қаңтар оқиғасы: Тағы екі лауазымды полицей ұсталды

600

Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқан тағы екі лауазымды полицей ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер негізінде қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды», –  деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

Сонымен қатар 1 және 2 сәуір күндері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары пен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде», –  деп атап көрсетті Қилымжанов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.