Құрылыс саласында жүргізілген мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.
Бұл туралы «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен өткен брифингте жобалық кеңсе жетекшісі Назима Жувандикова мәлімдеді.
Мысалға бақылаушы мемлекеттік органдар барлық салынып жатқан объектілерді күнделікті аралап шығу мүмкін еместігін көрсетті.
Осыған байланысты құрылыстың сапасын, қауіпсіздікті сақтауды, құрылыс барысын тұрақты бақылау, сондай-ақ өзінің техникалық қадағалау міндеттерін орындауды бақылау мақсатында Тапсырыс беруші мен уәкілетті мемлекеттік органдарына объектілердегі құрылыс жұмыстарын онлайн бейнекамералар арқылы қарау туралы ұсыныс қолдау тауып, қазіргі таңда бейнекамералар орнатылуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық