A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлықтар ауызбіршіліктің керемет үлгісін көрсетуде

180

Қарасай ауылдық округінің азаматтары да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобаларының аясында бірқатар игі істерді қолға алған.

Ауыл тумасы Жақсылық Сатылғанов «Туған жерге тағзым» ретінде Қарасай ауылына кіре беріс орынға заманауи үлгіде стелла құрылысын бастады. Аталған стелланың жан-жағы түгелдей абаттандырылып, гүлзарлар орнатылып, заманауи шамдармен безендірілетін болады.
Ауылдық округ әкімі Гүлжахан Елемесованың бастамасын қолдаған ауыл кәсіпкерлері, «Туған жер» арнайы жобасы аясында ауыл балалары мен жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану және спортқа баулу мақсатында спорт алаңшасы «Street Workaut» орнату мақсатында құрылыс жұмыстарын бастаған.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында да еріктілер мен ауыл азаматтарының жұмылуымен үлкен жобалар бастау алған. Атап айтсақ, Қарасай батыр мен Еңбек ауылдарының арасындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» кіретін ескерткіштердің айналасына ағаштар отырғызылып, тау шатқалынан арық қазылып, су тартылды. Елді мекендер ішінде абаттандыру жүріп, ауыл шырайы ашыла түскен. Ауыл ішінен «Жастар аллеясын» ашу жоспарланып, алғашқы ағаш көшеттері де тігілген екен. Оған ауылдан шыққан белді азаматтар көмек қолын созуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.