A place where you need to follow for what happening in world cup

Құмарықта қызу тірлік басталды

239

Ауылдағы ағайынның тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанат қақты жобаға орай ұйымдастырылған пресс тур Т.Рысқұлов ауданында жалғасын тапты. Аталған ауданнан пилоттық жобаға енген Құмарық ауылдық округіндегі жұмыс жүйелі. Бүгінде округ тұрғындары мал шаруашылығын дамыту үшін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына құжаттарын жинап өткізуде. Округтен өткізілген 238 құжаттың 120-і мақұлданған. Бұл азаматтар қолына тиген 374 миллион теңгеге мал алуда.
Бүгінгі таңда Құмарық ауылдық округінде 98 жылқы, 42 сиыр, 1225 бас қой сатылып алынған. Округ әкімі Болат Мансұрдың айтуынша, жоба аясында округте 9539 бас мал сатып алу жоспарланған. Оның 262-і сауынды сиыр, 203-і бұқа, 845-ін жылқы, 8206-ын қой құрайды. Бұл мақсатқа жоба шеңберінде 683 миллион 759 мың теңге қаралыпты.
Алғабас ауылының тұрғыны Рита Әубәкірова 4 миллион теңге несиесіне 50 бас қой, бір жылқы, 3 мүйізді ірі қара сатып алған. Жемшөбіне 550 мың теңге жұмсапты. Сондай-ақ тағы бір ауыл тұрғыны Жамбыл Серікбаев 5 миллион теңгеге 5 жылқы, 4 сиыр, 40 қой алған. Мал азығына 800 тайланған шөп, 4 тонна жем дайындаған. Сонымен қатар ауылда «Құмарық Тау» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Жақында кооператив құны 89 миллион 950 мың теңгені құрайтын 17 ауыл шаруашылығы техникаларын несиеге алды. Бұл техникалар кооператив қарауындағы жеке кәсіпкерлердің жемшөбін дайындауға көмектесетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.