A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ғибратты керуен» Жуалы ауданында болды

572

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен жобасы «Ғибратты керуен» бүгін Жуалы ауданына келді.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ұйымдастырылған аталмыш шара бұған дейін Қордай ауданындағы Сортөбе, Масаншы және Өтеген батыр» ауылдарында болды.
Жуалы аудандық кітапханасындағы коворкинг залында өткен басқосуды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып берді. Бұдан кейін Облыстық ардагерлер кеңесінің Төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыз жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Ақпарат кеңістігі кеңінен қанат жайған бұл тұста ақсақалдар алқасы да жаңашыл ойлаудан, жас буынмен пікірлесуден қалыс қалмауымыз керек дейді ол. Билер кеңесінің Төрағасы Оңласын Есіркепов салт-дәстүріміздің жастарға беретін тәрбиесі төңірегінде салиқалы әңгіме өрбітті. Жиынға жиналған ақсақалдар мен аудандық қоғамдық кеңес мүшелері сөз алып, пікірлерін білдірді.
Дәл осы уақытта орталық саябақта аудандық «Қызғалдақ» халықтық ән-би ансамбліне ҚР мәдениет саласының үздігі, күйші Е.Рысметов шеберлік сағатын өткізсе, ҚР еңбек сіңірген әртісі М. Әлімбетова «Жуалы», «Мыңбұлақ» халықтық театрларының ұжымына актер шеберлігі мен сахна мәдениетінен сала бойынша сабақ берді. Ал ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көпшілікке Ұлы Абайдың әжесі Зере ананның бейнесі арқылы жақсы таныс Нұрсипат Салықова саябақты саялап отырған бүлдіршін балаларға халық ауыз әдебиетін еске салып, ертегі айтып берді.
Қазақтың ақын қызы Үміт Битенова қариялар мен жастар жайлы ой қозғап нағыз рухани жаңғыру дегеніміз қариялар екендігін түсіндірді.
«Һибатулла Тарази» медресесінің директор орынбасары Н Бақытұлы «Дін — тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында ғибратты әңгіме өрбітіп, асыл дініміздің бала тәрбиесінде һәм ұлт тәрбиесінде қалай үн қататындығын баяндап берді.
Сонымен қатар, кітапхананың келесі бөлмесінде Жамбыл облысы адалдық алаңы жобалық офисінің басшысы Н.Жұманова «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңесінің азаматтарды қабылдауын өткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.