Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ғибратты керуен» жобасы Шу ауданында өтті. Аталған шараның мақсаты өңір тұрғындарына салт-дәстүр, дін, рухани жаңғыру және туған жер тақырыптарында ой қозғау, өскелең жастардың өрісін кеңейтіп, танымын арттыру болып табылады. Аудандық мәдениет үйінде өткізілген шарада Халықаралық конкурстардың лауреаты, домбырашы Д.Басығараев «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамбліне шеберлік сағатын өткізіп, әртістер, қолөнер шеберлері де көрініс ұйымдастырды.