A place where you need to follow for what happening in world cup

Үгіт-насихат жұмысы

1 028

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлері Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылының А.Пушкин атындағы орта мектептің 11-10 сынып оқушыларына ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Үгіт-насихат барысында әділет капитаны А.Ерубаева Академия келесі бағыттар бойынша мамандар дайындайтынғын айтты:
— «Құқық қорғау қызметі»;
— «Педагогика және психология»;
— «Әлеуметтік жұмыс»;
Ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура.
Қылмыстық-атқару жүйесінің бағыты бойынша оқитын курсанттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқаратын болады.
«Педагогика және психология» бағыты бойынша курсанттар құқық қорғау органдарында психолог инспекторлары лауазымына тағайындалады.
«Әлеуметтік жұмыс» даярлау бағыты бойынша түлектер пробация қызметінің инспекторы, ҚАЖ мекемелерінде жасақ бастығы лауазымына тағайындалады.ІІМ Қостанай академиясына күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары және колледж түлектері қабылданады.Оқыту мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қазақ және орыс тілдерінде түлектерге «әділет лейтенанты» арнаулы атағы және «бакалавр» академиялық дәрежесі беріле отырып жүргізіледі. Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі ретінде есептеледі.
Күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттар республикалық бюджет қаражаты есебінен академияда оқудың барлық кезеңіне тегін тамақпен, жатақханада тұрумен, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Ай сайын шәкіртақы, сондай-ақ демалыс кезеңінде қалааралық автомобиль және теміржол көлігімен тұрақты тұратын жеріне жол жүру құны төленедігітура айтты. Әділет аға лейтенанты Қ.Аңламасұлы дене шнықтыру және әскери-дәрігерлік комиссия талаптарын түсіндіріп толық ақпарат берілді.
Үгіт-насихат қорытындысы бойынша Академияға оқуға түскіміз келеді деген талапкерлер аз емес ата- аналарымен ақылдасып, Облыстық кадр бөлімінің байланыс номерлеріне хабарласатындығы сонымен қатар, арнайы мекемеге ашық есік күніне келуге ниет білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.