Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шаралар қолдану мақсатында облыс аумағындағы соттарда ашық сот отырыстары өткізілді.
Сот отырысы барысында қылмыстың түбі – тұйық жол екендігі нақты көрсетілді. Бұл іс шара жазалау мақсатында емес, жастарға ой салып, дұрыс таңдау жасауға ықпал ету үшін ұйымдастырылды.
Жалпы іс-шараға 300-ге жуық кәмелетке толмағандар жеке адамға, меншікке, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстар бойынша қатысып, оларға қоғам тарапынан сенім мен қолдау әрдайым бар екені, ұстаздар, тәрбиешілер және құқық қорғау органдары жас буынды үнемі қолдайтындығы түсіндірілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық