A place where you need to follow for what happening in world cup

Жуалылықтар асар дәстүрін жаңғыртуда

467

Аудан әкімі Н. Ергебековтың Қосбөлтек ауылдық клубында, Теріс ауылында тұрғындармен өткен жиында ауылдағы ағайынның ынтымағына, береке-бірлігіне, мұқтаж азаматтарға жәрдемдесу, асар секілді дәстүрлерді қайта жаңғырту қажеттігіне баса екпін берілді. — Бүгін елдің тұрмыс жағдайы түзелгеннен кейін әркім өз қамын көбірек күйттеп кеткен секілді. Өмір болғаннан кейін бес саусақ бірдей емес қой. Арамызда кембағал, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен жандардың болуы заңдылық. Алайда, олардың да мұқтажына бір сәт назар аударып, біреудің шамасы жетпесе, асарлатып, көп болып жұмылып, оны шешуге атсалысайық, — деді Нарбай Әбілқасымұлы. Ауылдық округ әкімі Ержан Серкебаев екі ауылдың жастары күш біріктіріп, ауылдағы тұрмысы төмен көпбалалы Мәншүк есімді әйелдің үйін жаңадан салып жатқанын айтты. Келесі кезекте аудан басшысы жастардың бастамасымен соғылып жатқан осы үйдің құрылысымен танысуға келді. Үш бөлмелі жаңа тұрғын үйдің қабырғасы көтеріліп, төбесі жабылған, есік-терезелері салынып, жылы еден төселіп, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде екен. Белсенді жас Ерлан Қырықбаев аудан әкіміне үйді жақын арада бітіріп, иесіне табыстайтынын айтты. Нарбай Әбілқасымұлы жастардың ілкімді істеріне ризалығын білдіріп, тұрғындарды да осынау сауапты шаруаға үлес қосуға үндеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.