A place where you need to follow for what happening in world cup

Жуалыда мониторинг топтарының жұмысы жүйелі

217

Бүгінгі күні ауданда 4 мониторингтік топ құрылып, тиісті мекеме мен кәсіпкерлік нысандарды зерделеуде. Жыл басынан  топтар 24 рейдтік шаралар жүгізіп, 75 нысанды қамтып отыр. Бір жеке кәсіпкерге айыппұл салынып, 319470 теңге өндірілді.
Жалпы  2020 жылдың 6 тамыздаң бастап карантин талаптарың бұзған 21 азамат аңықталып, жалпы 2347410 тенге айыппұл салынды, оңың ішінді 4 жеке кәсіпкерге 1597350 тг., 16 жеке тұлғаға 666720 тг. айыппұл салынды. 16 айыппұл өндірілген соммасы  1305660 тенге.
Сондай-ақ, аудандық медициналық санитарлық алғашқы көмек жанынан 9 мобильді топ ашылды:
8 мобильді топ аудан орталығынан шалғай орналасқан дәрігерлік амбулаторияларда:
1 мобильді топ – аудандық емханасы бойынша қызмет көрсетеді.
Мобильді топтардың құрамы, Жалпы тәжірибелі дәрігерлерден және аймақтық медбикелерден тұрады.
Сондай-ақ мобильді топқа COVID-19 расталған науқастарды бақылауда көмек беру үшін  аймақтық дәрігерлер мен мобильді топтарға дистанциондық консультациялық және ұйымдастырушылық топ құрылған. Құрамына: инфекционист, терапевт, невропотолог, эпидемиолог, акушер-гинеколог, психотерапевт, психолог дәрігерлер бекітілген.
Бүгінде ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны-192 адамды құрап отыр. Ал жыл басынан 18 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелген, оның ішінде 11 (61,1%) симптомы бар науқас және 7 (38,9%) адам КВИ симптомы жоқ науқастар.
Ем қабылдап жатқандар саны  — 10 (обл ауруханада-8, ауданда – 2 (симтомсыз) )
Жазылып шыққандар саны 174 адам. (01.01.2021ж бері — 8 адам)
Дерттен қайтыс болғандар 8 адам.
ПТР әдісіне био материал тапсырушылар саны күндігіне 60 — 70 адамды құрайды.
Тиісті дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.