Жуалы ауданы әкімінің өкімімен Қалмырзаев Ернұр Маратұлы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ернұр Қалмырзаев 1986 жылы туған, білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2009 жылы «Есеп және аудит» және 2017 жылы «Техника және технология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінде қаржы-шарушылық кедені бақылаушы механик болып бастаған. 2008 жылы Астана қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының әлеуметтік сақтандыру бөлімінің біліктілігі орта деңгейлі санатсыз уақытша маманы, 2011 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жастар Отан» ЖҚҚБ ақпарат жинау және өңдеу жөніндегі сарапшысы, КҚ РҚ ЖҚ «Жас Отан» менеджері, 2013 жылы Шығыс Қазақтан облысы Өскемен қаласы Құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маман, мемлекеттік еңбек инспекторы, Шығыс Қазақтан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде талдау тобының бас маманы, 2014 жылы Шығыс Қазақтан облысы Семей қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі Құрылыс секторының бас маманы, Шығыс Қазақтан облысы Семей қаласының «құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшының орынбасары, 2016 жылы Астана қаласы «АФ Деволмент» ЖШС маркетинг және моноторинг секторының менеджері, Астана қаласы әкімінің аппараты Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2017 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы лауазымында болған.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық