Шу аудандық партия филиалында партиялық бақылау комиссияларының 7 отырысы өтті. Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын міндеттердін іске асырылуы мен аудан бойынша 2018 жылы Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінген қаражатардың игерілу барысы туралы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының және «Аудандағы спорт мекемелерінің атқарып жатқан жұмыстарының жәйі туралы» аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Мәуленовтің есептері тындалды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы «Қонаев» бастауыш партия ұйымында есепте тұратын Тамерлан Туменбайұлы Тусипбековтің партиялық жауапкершілігі қаралды. 30 сәуір күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Шу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы мүшесі Б.Елеуовтың сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы есебі және 24 маусым күні Бастауыш партия ұйымдарында ішкіпартиялық тәртіптің сақталуы, мүшелік жарналарды уақытылы төлеу және партиялық жобалардың іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ «Шу» және «Қорағаты» БПҰ-ның жетекшілерінің есептері тындалды.
29 тамызы күні «Аудан бойынша мектептердің 2019-2020 жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы», аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысының есебі, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастамасының орындалуы туралы және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының «Жамбыл» бастауыш партия ұйымының мүшесі Тұрғынбаев Бақытжан Мұхаметжанұлының партиялық жауапкершілігі туралы мәселелер қаралды. 20 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының мүшелері Н.Жақсыбаев пен Ж.Тәжиевтің партиялық жауапкершілігі туралы қаралып, Саяси Кеңес Бюросына ұсынылып, ескерту берілді. 14 қараша күні Өнер мектебінің бұрынғы директоры А.М.Иманбаевтың партиялық жауапкершілігі туралы, 11 желтоқсан күні Жамбыл облысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының отырыс хаттамасын және тапсырмаларын орындау барысы бойынша аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы А.Бименбетовтың есебі тындалды. Отырысқа партия аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссия мүшелері қатысты. Жолдаудан туындайтын міндеттердін іске асырылуы мен аудандағы спортта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәселелер қаралды.
Жоғарыда аты аталған мәселелер бойынша партияның аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырыстарында қаралып, жауапты тұлғаларға комиссия тарапынан ұсыныстар беріліп, қаулылар қабылданды. Нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетің қаражатты бақылауға алып және спорттық іс-шаралар өз деңгейінде өтеді деп жоспарланып отыр.
1 наурыз күні БПҰ-да «Біздің идеямыз-Қазақстанды өркендету» атты семинар-кеңес отырысы өтті. Отырысқа бастауыш партия ұйымының төраға -төрайымдары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
26 маусым күні Балуан Шолақ-Жиделі 17,3 шақырым автомобиль жолына және 15 қыркүйек күні Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын үй массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және электрмен жабдықтау» нысандары бойынша комиссия мүшелері рейд жасады.
Есепті кезеңде партия аудандық филиалдарында Партиялық бақылау комиссиясының төрағалары мен мүшелері арнайы бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдаулар өткізді.
Онда жыл басынан бері 4 азаматты жеке өтініштері бойынша қабылдап, олардың 2-і оң шешімін тапса, қалған 4-не Заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген Шу қаласының тұрғыны Бигондиева Гүлжан материалдық көмек сұрады. Нәтижесінде Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Қадырбеков азық — түлік себетін алып беріп, мәселе оң шешімін тапты.
Баспасөз беттерінде жыл басынан 4 мақала «Шу өңірі» газетінде, 7 мақала әлеуметтік желілер арқылы (nurotan.kz, facebook, тwitter т.б) жарияланды.
Нұржан ҚАДЫРБЕКОВ,
партиялық бақылау комиссиясының төрағасы,
аудандық мәслихат депутаты.