A place where you need to follow for what happening in world cup

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

331

Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) жер учаскесін таңдау актісінің және (немесе) орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін).
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды.
Елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша өтініш келіп түскен жағдайда, елді мекеннің шекаралары мен бағалау аймақтары бекітілген жағдайда, жұмыстарды жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, кестелер мен қабаттардан (елді мекен шекаралары, бағалау аймақтары және басқа анықтамалықтар) ақпарат жинау жүргізіледі, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін әзірлеу жүзеге асырылады, ары қарай порталда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісіне қол қойылады.
Елді мекеннің шекаралары мен бағалау аймақтары бекітілмеген жағдайда, сонымен қатар елді мекен шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша өтініш келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне өтініш жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі  қызметкері 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша) және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (елді мекендер шегінен тыс орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға берілетін жер учаскелері бойынша) қабылданған құжаттарды тіркейді, «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен мұрағат істерін (мұрағаттан), (жер-кадастрлық істерін, топырақ, геоботаникалық тексеру және басқа материалдарын) сұратады, түзету коэффициентінің есептемесін жасайды, кадастрлық (бағалау) құнын айқындап құрылымдық бөлімше басшысымен келістіреді және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт дайындайды.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Т. Айтимбетов,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның
Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және 
жер кадастры бөлімінің маманы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.