A place where you need to follow for what happening in world cup

Жемқорлықпен күрес жүйелі жүруде

140

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында, сонымен қатар, осыған байланысты мемлекет басшысы және агенттік басшылығы тарапынан қойылған міндеттерді орындау бойынша кеңінен жұмыс жүргізуде.

Жылдың басынан, есептік кезеңде, Департаменттің өндірісінде 118 қылмыстық іс тергелді, оның ішінде:

— 52 іс Департаменттің өзімен тіркелді;

— 28 іс басқа органдардан қабылданды.

1-ші тоқсанда, айыптау актісімен 15 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс аяқталды. Ақталатын негіздермен 22 қылмыстық іс тоқтатылды.

Қылмыстық істер шеңберінде анықталған залал сомасы 389 млн.теңге құрады, ал оның 378 млн.теңгесі немесе 97% мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар, 19,5 млн.теңгеге тыйым салынды.

1-ші тоқсанда негізгі 90 процестік шешім қабылданды, оның ішінде:

  • күдікті ретінде тану туралы қаулы — 26;
  • күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы – 28;
  • қайта саралау – 4;
  • қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы – 22;
  • тергеу мерзімін тоқтату тұру – 10.

Сонымен қатар, Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау (дәлелдеу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл аспектіде қылмыстық-процестік заңнамасының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады, атап айтқанда ҚПК-нің 200-бабы, оның талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға міндетті қараталын ұсынулар енгізіледі.

1-ші тоқсанда қылмыстық істер шеңберінде мемлекеттік органдарға 17 ұсыну енгізілді.

Оларды қарау нәтижесінде 5 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ең бастысы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуына жол берілген жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу туралы қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу белгіленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылғы 1-тоқсанда сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарлаған 2 тұлғаның өтініші қаралып, комиссия шешімімен, оларға 367 мың теңге көлемінде ақшалай марапатталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.