A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеке құрамға дәріс оқылды

162

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің орынбасары әділет полковнигі Қ.Ш.Жарылғаповтың бастауымен және Жамбыл облысы бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Б.Байхожаевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ҚАЖ комитетінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі Е.Т. Кентаев департаментке қарасты №67 мекемесінің жеке құрамына дәріс оқыды, аталған дәрісте адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекітуіне орай, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға, азаптаудықолдануға және көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға жолберілмейтінін, сондай-ақ ҚК-тің 146, 412-баптарымен жауаптылық көзделгенінбарлық қызметкерлердің назарына жеткізу .Сонымен қатар, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-бабының талаптарына сәйкес, бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына, немесе азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін жұмыстан шығарылатындар туралы жеке құрам назарына жеке дара жеткізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.