A place where you need to follow for what happening in world cup

Жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде

232

Теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерін бұзуының  алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 5-29 ақпаны аралығында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Р.Заппаров  қызмет көрсетілетін учаскесінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын  еске салды:

— Теміржол  жолдармен жүруге қатаң тыйым салынады!

— Теміржол  бойымен шеткі рельстен бес метр қашықтықта жүруге болады!

— Теміржол  жолдары арқылы жаяу жүргіншілер палубасымен жабдықталған жерлерде ғана өтіп, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына сенімді бола аласыз!

— Жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалану ұсынылмайды!

— Тұрған вагондарға көтерілмеңіз, теміржол электрлендірілген, кернеуі 27000 вольт!

Құрметті азаматтар, сіздердің назарларыңызды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ балаларды бақылауды күшейту қажеттілігіне аударамыз!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.