A place where you need to follow for what happening in world cup

Жедел іс-шара барысында сотталғандардың жұмыс орны тексерілді

1 063

Маусым айының 21-27 күндері аралығында республика көлемінде «Шартты түрде» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Бұл іс-шараның басты мақсаты — пробация қызметі есебін­де тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру.

Іс-шара барысында пробация және учаскелік полиция қызметкерлері сотталғандардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріп, олардың ата-аналары және жақын туыс­тарымен, сонымен қатар оның мінез құлқына оң ықпал ете алатын жора-жолдастарымен профилактикалық әңгімелесуде.

«Шартты түрде » жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Меркі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сот шешімімен қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандың жұмыс орындары тексерілді. Олармен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу шарттарымен тәртібі түсіндіріліп, ешқандай себепсіз қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған жағдайда, бұл жаза түрі қамаққа алумен ауыстырылатыны ескертілді.

Арайлым Самбетова,
Меркі аудандық пробация бөлімінің бастығы әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.