A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеңісті жақындатқан жауынгер

357

Әбдіхалықұлы Әзімхан 1923 жылы 23 қарашада Жуалы ауданы, Буденный атындағы колхоздың Мыңбұлақ ауылында туылған. Қарапайым шару отбасынан шыққан. 1941 жылы майданға 18 жасында аттанып, 1943 жылы Воронеж қаласы маңындағы шайқаста снаряд бомбасы жарықшағынан ауыр жараланып, оң қолынан айрылып, елге оралады. Зейнет жасына дейін колхоздың қосын айдап, тырма тартып, жылқы, ірі қара мал бағады. Жары Уайда екеуі 6 қыз, 3 ұлдан 40 немере, 52 шөбере, 3 шөпшек сүйді. 2009 жылы 23 тамыз күні 86 жасында дүниеден өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.