A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілер «Күлкі күнін» ерекше атап өтті

372

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде «Күлкі күні – шындықпен және әзілмен» атты «Үздік психологиялық қабырға газеті» конкурсы өтті.

Аталған байқау үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтуді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралардың тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Мекемедегі сотталғандар арасында өткен байқау барысында жазасын өтеушілер карикатура суреттерін салудан өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар, конкурс аясында 3 жасақтың сотталған азаматтары қабырға газеттерін дайындады.

Комиссия мүшелері ретінде мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Мейірғали Ракишев, арнайы есеп бөлімінің бастығы Наргиза Жолмухамедова, сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Динара Мусаева қатысып, дайындалған қатысушылардың еңбектері арасынан «Үздік қабырға газетін» таңдап, жүлдеге лайық деп танылған 3 орынды тағайындады.

Байқау қорытындысы бойынша, 8-жасақтың сотталған азаматы Арман Мүсілімхан І орынды иеленді. 7-жасақтың сотталған азаматы Ренат Саитов ІІ орынға табан тіресе, 5-жасақтың сотталған азаматы Әсет Бекпенбетов ІІІ орынды қанжығалады.

Конкурсқа қатысқан сотталған азаматтарға ынталандыру есебінде, осы сотталған азаматтар мекеменің іс-шарасына белсенділік танытқандары үшін марапаттауға ұсынылды.

І орын иегері
ІІ орын иегері
ІІІ орын иегері
Арман Мүсілімхан өз туындысымен
Әсет Бекпенбетов өз туындысымен

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.