A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілер арасында викториналық байқау өтті

183

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында нақты шаралар қолға алынып, жаңашыл бастамалар жүзеге асуда. Себебі, дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі екені сөзсіз.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде арнайы мамандар бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарып, жазалы жандарға тиісті бағыт-бағдар беріп отырады.

Жуырда мекеменің тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобы инспекторларының ұйымдастыруымен «Сотталғандар арасында ислам тарихы, Құран оқу және өзіміздің салт-дәстүрлер» тақырыбында жазасын өтеушілердің білімін тексеру мақсатында векториналық конкурс ұйымдастырылды. Шараға Тараз қалалық «Фирдаус» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен «Ақниет» оңалту орталығының маманы Зұлқарнайын Зүнінқожа арнайы қатысты. Сондай-ақ, аталған викторинаға ҚАЖ департаменті САТжӘПЖ бөлімінің бас маманы, әділет подполковнигі Айгүл Танашева мен ЖД-158/2 мекемесінің САТжӘПЖБ ТОЖҰ тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты Жарас Жақсыбекұлы бақылау жасады.

Сұрақ-жауап барысында сотталғандар «Сотталғандар арасында ислам тарихы, Құран оқу және өзіміздің салт-дәстүрлер» тақырыбында білімдерін тереңдетіп, білмейтіндерін ойға тоқыды. Бас бостандығынан айырылған сотталғандар викториналық сұрақтарға барынша жедел жауап берді. Іс-шараны өткізудің бұл түрі сотталғандардың ақпаратты алу мен рәсімдеудің әртүрлі нысандарын игеруге ықпал етті.

Жиын соңында жазасын өтеушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.