A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілер аналарды мерекемен құттықтады

208

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтен жатқандар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйел қызметкерлерді құттықтап, оларға деген ризашылықтарын білдірді.

Жазасын өтеуші Еркебұлан есімді сотталған азамат нәзік жандыларға арнаған ақ тілеген ақ қағаз бетіне түсіріп, қызметінің ауырлығына қарамастан, қызметтік борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, тыныштық пен қауіпсіздіктің сақталуын басты міндеті деп санайтын әйел қызметкерлерге алғысын жаудырды.

Айта кетейік, бұған дейін ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар әр мереке қарсаңында өз қолдарымен қобдишалар, ағаш мүсіншелер, ашық хаттар мен суреттер секілді сыйлықтар жасап, көпбалалы аналарға, балалармен қарттар үйіне тарту еткен-ді.

Жалпы, бүгінде ҚАЖ саласында қызмет ететін әйелдердің саны күн өткен сайын артуда. Олар қиындығы мол ҚАЖ саласында ержігіттермен иықтаса қызмет етіп, өздеріне жүктелген міндетті мінсіз орындауда.

Әлжан Алтынбек,
ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.