A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазаны өтеудің жеңілі — қоғамдық жұмыс

467

Жамбылда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген дала жұмыстарына тартылуда. Олар жергілікті әкімдік белгілеп берген, ағаш кесу, аудандарды көгалдандыру секілді қоғамдық жұмыстарды атқаруда.

Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Арайлым Сәмбетованың айтуынша, пробация қызметкерлері дала жұмысына жегілген азаматтармен азаматшаларды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады.

— Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін біз жергілікті әкімдікпен қадағалап отырамыз.
Егер, қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мәселен, жұмыстың орындалмаған төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алынады, — деді А.Сәмбетова.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.