A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жастарға жұмыс» жобасы – жастардың кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік

534

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанаты жүзеге асырып жатқан «Жастарға жұмыс» жобасы жас буынның қоғамдағы орны мен кәсіби әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. Жоба шеңберінде Қазақстанның әр өңірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, көптеген жас мамандар өз армандарына қол жеткізуде.

«Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жастарға 500-ден астам жұмыс орындары ұсынылды. Тараз қаласында «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты, облыстық Еңбек мобильділігі орталығы және Тараз қалалық Мансаптық орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлер мен бизнес, денсаулық сақтау, білім беру саласы өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шарада 300-ден астам қала жастары мен тұрғындары болды. Оның 120 азаматы арнайы жұмысқа жолдама алды. Тиісті құжаттарын жинап өткізгеннен кейін жұмысқа орналасатын болады. Жәрмеңкеге 40-қа жуық ірі кәсіпорын мекемелері қатысты.

Тараз қаласында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – осындай игі шаралардың бірі. Бұл іс-шара Ауыл береке базарында ұйымдастырылып, оған әртүрлі салалардан бірнеше ұйым қатысып, жүзден астам мамандық бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкенің нәтижесінде көптеген жас мамандар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді.

Солардың бірі –Қуанышбай Мейірман болды. Ол жәрмеңкенің арқасында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына мейіргер болып орналасқан.

«Жастарға Жұмыс» жобасы – маған берілген мүмкіндіктердің бірі болды. Осы шара арқылы өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, кәсіби дамуыма жол ашатын алғашқы қадамымды жасадым. Қазіргі таңда сүйікті ісіммен айналысып, адамдардың денсаулығының жақсаруына өз үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын» – дейді жас маман.

Мұндай жобалар жастардың еңбек нарығына сәтті бейімделуіне, өз жолын тауып, жаңа дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді. Бұл – ел жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадам. “AMANAT” партиясы мен “Жастар Рухы” ұйымы алдағы уақытта да осындай бастамаларды жалғастырып, жастарды қолдауды көздейді.

«Жастарға Жұмыс» – жарқын болашаққа жол!

Айта кетерлігі, «Жастарға жұмыс» жобасы – «AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жастарды жұмыспен қамту бойынша бірлескен іс-қимыл кешені.

«Жастарға  жұмыс» жобасын іске асыру аясында 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 150 мың жас қамтылды. Жұмыс берушілермен 5 мыңнан астам меморандумға қол қойылды.

Еліміздің барлық өңірінде 200-ге жуық жәрмеңке өткізіліп, оған 5,2 мың ұйым қатысты. Нәтижесінде, 55 мыңнан астам адам жолдама алды.

Бұл іс-шара Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ облыстар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.