«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде Ұлы отан соғысының ардагері Ережепбай Мүтәліптің үйінің кіреберіс жеріндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған игі шараға «Тұрғын үй жөндеу Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, қаланың белсенді жастары, волонтерлар белсене ат салысты.
Шара соңында Ұлы отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді.
– «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып, шаһар көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап ғана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулиды, – деді қарт майдангер ағынан жарылып.
Жалпы, бүгінде облыс бойынша 8 ҰОС ардагері бар. Акция аясында барлық ардагердің үйлерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Активная молодежь Жамбылской области всегда готова протянуть руку помощи одиноким пожилым людям
Келесі жаңалық