A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық тұрғыннан 35 келі есірткі заты табылды

155

2020 жылдың 10 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында есірткі қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында республикалық «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы күні Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында пакетке салынған 4 келі 630 гр «гашиш» есірткі заты табылды.

Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, сондай-ақ қоймасынан 30 келі 380 гр салмақта кептірілген «марихуана» есірткі заты анықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.