Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өз саласында жетістікке жеткен азаматтардың туған жеріне қайырымдылық жасауда.
Бүгінде елімізде меценаттардың демеушілігімен түрлі нысандар салынып, ескі ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдар салынуда.
Бағдарлама іске аса бастағалы жамбылдық меценаттар 2 млрд. 63 млн. теңге жұмсаған. «Жігіттің мықтылығы білегіндегі күшінде емес, абыройлы ісінде» деген осы шығар. Туған жердің топырағының қасиетін біліп, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөзді ұғынып, не бір мықты жігіттер өз туған өлкелеріне құндылығы мол осындай сыйлықтар сыйлауда. Бұл берекелді іс-шаралар өскелең ұрпаққа өнеге, бізге үлгі болмақ.
Елбасы айтқандай: «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».
Осындай алаштың арыстандай азаматтары бар кезде, еліміздің алар асуы, бағындырар белесі биік болмақ!