A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық арулар ел чемпионатында 3 алтын, 4 күміс жеңіп алды

224

27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Павлодар облысының Екібастұз қаласында 2002-2003, 2004-2005 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған біріншілікке республиканың барлық өңірлерінен 255 бұрымды былғары қолғап шеберлері қатысып жастар 10, жасөспірімдер 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Чемпионатта Жамбыл облысының атынан 38 спортшысы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жастар арасынан 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Назерке Серік пен 69 келіде бақ сынаған Жібек Жарасқызы (69 кг) қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал,  48 келі санатында Шырайлым Бақытжан жүлделі ІІ орынды иеленді.

Сол секілді, жасөспірімдер арасында Валерия Семенова (70 келі) алтынға қол жеткізіп, Диана Чукаева (75 келі), Мөлдір Иманбаева (66 келі) және Аяулым Боранбаева (50 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.