Жамбыл облысында тактикалық-саптық жаттығулар өтуде. Онда 78 әскери міндетті азамат арнайы әскери полигонда ұйымдастырылған жиынға қатысып жатыр.
Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелерімен өткізілетін тактикалық-саптық оқу-жаттығулар 11 мен 22 сәуір күндері аралығына жоспарланған.
Негізгі мақсат – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери бірігуі бойынша іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру бойынша лауазымды тұлғалардың білімі мен практикалық қабілетін жетілдіру.
Сондай-ақ, оларға тәжірибелі әскери мамандар білгендерін үйретіп, тактикалық-саптық жаттығулармен қатар қаруды меңгеру бойынша да оқу жаттығу жиынын өткізуде.