A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда «Сервистік әкімдік» форматында 7 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді

558

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар және Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Тараз қаласы «сервистік әкімдігінің» жұмысымен танысты. «Сервистік әкімдік» қала тұрғындарына жер және архитектура салалары бойынша ашық форматта қызмет көрсетеді.
«Сервистік әкімдік» жобасының басты мақсаты – қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Бұл халықтың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімнің артуы менекуінің арасындағы байланысты нығайта түсіріп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түбегейлі жойылуына мүмкіндік береді.
«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бір орынға шоғырландыру арқылы олардың мерзімдерін едәуір қысқартуға, сондай-ақ, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, сапалы кеңестер беру және «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсету принципі негізінде, мемлекеттік органдармен 5 — «Сервистік әкімдік», 2 — «Ашық әкімдік» орталықтарын және 16 фронт офис ашылды. Жалпы саны 50 мемлекетік орган «Оpen space» форматында қайта жабдықталып, ашық кеңседе жұмыс істей бастады.
Атап айтқанда, Тараз қаласында сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары саласында қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды. Осы бағытта жұмыстар Меркі, Шу, Талас және Жуалы аудандарында және полиция департаментінде жолға қойылды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі және Тараз қаласы әкімдігі аппараты ашықтық принциптерімен жұмыс істеуге көшті. Онда халыққа ыңғайлы жағдай жасалды, қызметкерлер ашық түрде фойеде қабылдау жүргізеді.
Нұрлан Амангелдіұлы кездесу барысында сөйлеген сөзінде бүгінгі мемлекеттік аппарат азаматтарға кедергісіз қызмет пен жан-жақты қолдау көрсету қажет екенін айтып өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.