A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда есептік кездесулер ашықтыққа бағытталған

196

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев жыл қорытындысы бойынша халық алдындағы есептік кездесуін Полатқосшы, Гродиково, Қызылқайнар ауылдық округтерінде өткізіп, халықтың сауалдарына жауап берді.
Былтыр уәде еткен бірқатар игіліктердің сәтті жүзеге асқанын айтқан Сәкен Қаланұлы үстіміздегі жылы ауданға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына арналған жобаларды таныстырды. Аудан экономикасының өркендеуіне бағыттылған қабырғалы жоспарлармен бөлісті.

Полатқосшы ауылындағы жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қатысып, тұрғындардың тілегіне құлақ түрді. Өз кезегінде көпшілік тағатсыздана күткен өнер ордасының сәтті аяқталғанын жеткізіп, ғимараттың еңсе тіктеуіне толайым үлес қосқан өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлына алғыс-алқауын білдірді.

Мұнан соң Гродеково ауылындағы кездесуде жыл ішінде ауылға ашық спорт алаңы салынғанын, 23 көшеге асфальт төселгенін және басқа игіліктерді тарқата түсіндірген Сәкен Қаланұлы ауданның әлеуметтік желісіне түскен сауалдарға да жауап қайтарды. Мәселен, Қызылдихан ауылының тұрғыны Абай көшесіне жарым жартылай төселген жол жабындысын неге толық төселмегенін айтып шамданды. Сауалды назарға алған аудан басшысы дәл сол көшенің асфальтына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлетіп, биыл асфальт төселетін басып айтты. Бұдан бөлек егістік жертің тапшылығы, жолдарды реттеу мәселелері көтеріліп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді

Қызылқайнар ауылдық округіне былтыр қомақты қаражат бөлінді. Атап айтар болсақ, округке қарасты Қызылқайнар және Жасөркен ауылына таза ауыз су жүргізілді. Бұдан бөлек тау бөктеріндегі ағынсуды тиімді пайдалану мақсатында БАМ су қоймасын қайта қалпына келтіріп, шекара шебіндегі заңсыз малды құрықтауға арналған қамау пунктінің құрылысы аяқтады Осы және өзгеде округте атқарылған жұмыстар есептік баяндамада айтылып, көпшіліктің көлденең тартқан сауалдары хаттамаға еңгізілді.
Бекітілген кестеге сәйкес өткен жиын ертең Аса және Қаракемер ауылдарымен аяқталып, келер аптаның сәрсенбі күні аудан орталығындағы өнер мектебінде қорытынды жиын болады

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.