A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда да жастарға үлгі боларлық жандар бар

179

Тараз қаласында белсенді жастардың бастамасымен қолға алынған «Қоғамдық лекция» жобасы шын мәнісінде өрендердің таным-түсінігі кеңейіп, құндылықтарға деген көзқарасын өзгертудің диалогтік алаңына айнала бастады. Себебі жастарды айына бір рет осынау лекцияларға жинап, айтары мол, өмірлік тәжірибесі жеткілікті жандардың сөзіне құлақ түруінің тәрбиелік мәні де жоғары.

Қоғамдық лекция айына бір рет жастарға айтары бар азаматтармен кездесу түрінде өтеді.

–Басқармамен қолға алынған ұтымды жобаның бірі саналатын «Қоғамдық лекция» оған қатысушы жастардың да көңілінен шығады. Өйткені бұл кездесуде ғылым, әдебиет, өнер, дін, медицина, қоғамдық қызмет салаларында жүрген танымал тұлғалар дәріс оқиды. Біз жастар осы кісілердің өмір жолын, мақсатқа жету жолындағы жанкештіліктерін өзіне үлгі етсе деген мақсатты көздейміз. Лекциядан кейінгі жастардың ой-пікіріне құлақ салсақ, біздің белгілі бір деңгейде көзделлген мақсатқа қол жеткізе алғанымызды байқалады, –дейді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Әлбетте жаңа ғасырдың жетегіне еріп батыстық менталитетке бой алдырған жастар үшін үлгілі боларлық тұлғаны өз ортамыздан тауып, олардың өмір жолына, жетістікке жетуінің сырына құлақ түруді мақсат еткен жобаның өміршеңдігі талас тудырмайды. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы да «Қоғамдық лекция» жобасын жалғастыруға ниетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.