Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мухаббат Алеханова, Дамира Дармағамбетова, Сағатбек Кулекеев сенімді өкілдермен бірлесе отырып «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан орталығы Аса ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына шолу жасап, аудан жастарына көрсетіліп жатқан қолдаулар мен жастар саясатын, тұрғын үй мәселесін, ауыл шаруашылығы саласын, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік салалары бойынша алға қойған мақсаттарымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сөз барысында тұрғындар түрлі бағытта сұрақтар қойып, толымды жауаптар алды. Сұрақтардың басым көпшілігі жер, тұрғын үй мәселесі турасында болды.
««Nur Otan» партиясының негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Бұл бағыттағы «Nur Otan» партиясы алдағы ауқымды жобаларады жүзеге асырмақ. Мәселен, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мақсатында ауқымды жоспарлар құрып отырмыз. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны мыңға жуықтайды, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтары да бар. Осыған орай 2025 жылға дейін ауданда 5 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, жер кезегінде тұрған азаматтар да ескеріліп, 2025 жылға дейін 10 елді мекенде жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған 3 мыңға жуық адамға жалпы көлемі 651,8 га құрайтын жер телімін беруге ықпал етеді.
Нәтижесінде, 2025 жылы 380 отбасы тұрғын үймен, 2936 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімімен қамтылатын болады», – деді үміткерлер.
Тұрғындар партия белсенділеріне алғыстарын айтып, алдағы сайлауға белсене қатысатынын, «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» Жамбыл аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді.