A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында жаңа ХҚКО ашылды

273

Жамбыл облысының Шу қаласында Д. Қонаев көшесі, 23А мекен жайында орналасқан халыққа арналған цифрлық кеңсе секторы ашылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шу ауданында жаңа форматтағы қосымша ХҚО секторын ашу туралы шешім қабылдады. Осылайша, жаңартылған ХҚКО секторы азаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи құрал-жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған.

«Жаңа халыққа арналған цифрлық кеңсе ашылуымен азаматтардың жиналу қаупі барынша азайтылып, мемлекеттік қызметтерді алу уақыты айтарлықтай қысқарады. Сондай-ақ, Шу қаласының тұрғындары байланыс және жайлылық аймақтарында қызметтерді жылдам алу мүмкіндігіне ие болады», — деді Мемлекеттік корпорация филиалының Жамбыл облысы бойынша директорының орынбасары Жандос Болат.

Жаңа жаңғыртылған ХҚО секторында мемлекеттік қызметтерді жедел көрсету үшін аймақтарға бөлу қарастырылған. Мәселен, жылдамдық аймағында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде және кезексіз алуға болады, eOtinish секторында мемлекеттік органға электронды өтініш беруге болады. Сүңгу аймағында келушілер орнатылған дербес компьютерлер мен ұялы телефондар арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады.

Жаңа ХҚО-ға күн сайын ауданның 300-ге жуық тұрғыны келеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Шу ауданы Төле би ауылында халыққа қызмет көрсету орталығы Әубәкіров 30 көшесі мекенжай бойынша азаматтарды қабылдауды жалғастырып жатқанын айтамыз.

Л. Жаңабаева,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Жамбыл облысы бойынша Филиалының PR менеджері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.