A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында лауазымды тұлғаға 300 АЕК айыппұл салынды

161

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы бойынша тергеп-тексеру аяқталды.
Тергеп-тексеру барысында, Мекеменің әрекеттерінде Жарғысында қарастырылмаған қызмет түрлері бойынша «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» ШЖҚ КМК-мен келісім шарт жасап, мемлекеттік сатып алуда нарық субъектілерінің тауар нарығына кіруін шектеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінде көзделген заңнаманы бұзу белгілері анықталды.
Осыған орай, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкіміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бүгінгі күні айыппұл қысқартылған тәртіппен өндірілді.
Сонымен қатар, Мекемеге Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсақама енгізіліп, бүгінгі күні нұсқама талаптары толығымен орындалды.

Нурдәулет Серікбайұлы,

департаменттің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.