Жамбыл облысының аумағында алдағы екі күнде қатты жел тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«26, 27 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 26 ақпанда күндіз, 27 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
26 ақпанда күндіз, 27 ақпанда түнде Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, кей уақытта жылдамдығы секундына 23 метр болуы ықтимал. Кей уақытта тұман күтіледі», делінген синоптиктер болжамында.