A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы жолдарында «Арқан» мобильді кешені жұмыс істей бастады

262

Бір ай көлемінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Алматы-Нұр-Сұлтан» республикалық маңызы бар автожолдарының Жамбыл облысындағы аумағында жол-көлік апаттарын азайту, қылмыстарды ашу және әкімшілік айыппұлдар мен басқа да құқық бұзушылықтар бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында 10 заманауи «Арқан» мобильді кешені сынақ режимінде жұмыс істеген болатын. Бұл жаңашылдық транзиттік және Қырғыз Республикасымен шекаралас облыс болғандықтан аса зор маңызға ие. Көлік қозғалысының көптігі және оны үнемі бақылауда ұстау – патрульдік полиция қызметкерлерінің ең басты міндеттерінің бірі.
Осы ретте «Арқан» мобильді кешенінің полиция қызметкерінің қатысуынсыз жолдың бақыланатын аумағы арқылы өтетін көлік құралдарының белгілерін, түсі мен маркасын танып-білуге қабілетті екендігін атап өту керек. Сондай-ақ, жаңа техникалық құралдарды енгізудің басты мақсаты — жылдамдықты бұзушыларды анықтау болып табылады.
Тестілеу нәтижелері бойынша аталмыш кешен өз тиімділігін дәлелдеді, қысқа мерзімде жылдамдықты асыруға байланысты 5740 құқық бұзушылық анықталды.
Алайда, құқық бұзушыларға қатысты кешегі күнге дейін жазалау шаралары қолданылған жоқ. Ал бүгіннен бастап жағдай түбегейлі өзгерді: «Арқан» тестілеуі аяқталып, енді айыппұлдарды тіркеу мақсатында барлық деректер мен бейне ақпараттар нақты уақытта автоматты түрде полицияның деректер орталығына және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне (Нұр-Сұлтан) жіберілетін болады.
Осылайша, қарастырылып отырған жаңа құрылғы облыстың және жалпы республиканың жолдарындағы апаттар санын азайтуға оң әсер етеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.