A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

557

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Қанат Есіркепұлы Мамаев Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Қ.Е. Мамаев 1974 жылы туылған. «Әл-Фараби» атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы бастаған.

Алдын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Медеу аудандары прокуроры, Алматы қаласы және Қостанай облысы прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қыркүйегінен —  Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 23 жылдан астам.

zhmb.prokuror.gov.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.