A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы мәслихат аппарат басшысы болып депутат тағайындалды

1 299

Конкурстық комиссиясының шешімімен, Жамбыл облысы мәслихат хатшысы бұйрығымен Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы лауазымына Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлытағайындалды.

Қасымовқа дейін бұл қызметте Біржан Күзембеков атқарып, жақында облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы болып қызметін ауыстырған болатын.

Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы, 1980 ж.т. Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған.

1997 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығына оқуға түсіп, 2001 жылы оқуымды тәмамдады.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл политехникалық колледжінің технологиялық пәндер оқытушысы болып бастап, 2002-2006 жылдары Тараз политехникалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, 2006-2008 жылдары колледж директоры, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2009-2010 жылдары облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2010-2011 ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2011-2012 ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2015 жылдары аппарат басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2018-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-ң директоры лауазымында болып, 26.06.2020 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,  болып қызмет атқарды.

04.03.2022 бастап бүгінгі күнге дейін «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының  атқарушы хатшысы (01.2021 жылдан бастап VII-і шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты).

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.