A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган «AGROЭКСПЕРТ-AS» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады

97

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (Департамент) ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын егуге тексеру және дайындау жөніндегі қызметтерді атқаратын нарық субъектісіне қатысты тергеп-тексеру жүргізді.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Департамент «AGROЭКСПЕРТ-AS» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалау бөлігінде, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер (картель) фактілерінің бар екендігін анықтады.
Жамбыл облысы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «AGROЭКСПЕРТ-AS» ЖШС-не 1,6 млн теңге сомасында айыппұл түрінде, 7,6 млн теңге мөлшерінде монополиялық кіріс тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 29 наурызында жоғарыда аталған субъектінің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы нұсқама шығарылды.
Нұсқама оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға тиіс.
Сонымен қатар, Департамент барлық бизнес субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігін еске салады.

Серік ҚЫЛЫШБЕКОВ,
департаменттің тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.