Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өткізілді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет капитаны М.Сегізбаев және Дін істер басқармасының теолог маманы Қ.Қ.Жарастың ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті. Алматы қаласы Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің ұстазы, Республикалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Тулепов Азамат Нугманович «Ислам тарихы» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.