Бүгін, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Жамбыл облысының сот жүйесіне облыстық соттың жаңа төрағасы Ербол Ахметжановты таныстырды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Әскери сотының Азаматтық сот алқасының төрағасы болған.
Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың бұрынғы төрағасы Рүстем Мырзакәрім, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Нұрмұхаммат Абидов пен Жомарт Рүстембеков, сонымен қатар, аймақтық төрағалар мен судьялар, сот жүйесінің ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде М.Таймерденов жаңадан тағайындалған төрағаның сот жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар екенін атап өтіп, сонымен қатар оның жоғары кәсіпқойлығын, мінсіз беделі мен еңбекқорлығын айта кетті. Ол аймақтағы сот жүйесіне бірқатар міндеттер жүктеді. Қатысушылардың назары Мемлекет Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында қойылған міндеттерді белсенді іске асыруға, сондай-ақ «Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында жұмысын жалғастыруға, сот актілерін дұрыс нақтылауға және сот төрелігіне қол жетімділікті кеңейтуге аударылды.
Жоғарғы Соттың Азаматтық сот алқасының төрағасы, облыстық соттың бұрынғы төрағасы және Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындал Рүстем Мырзакәрімге кәсіби жұмысы үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, облыстық соттың бұрынғы төрағасы Р.Мырзакәрім, сот жүйесінің ардагері Асылхан Дармурзаев және облыстық соттың судьясы Абай Есенбай құттықтау сөздер сөйледі.
Жаңадан тағайындалған төраға мен аймақтық судьяларға сот төрелігінің сапасын арттыру бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы, 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1990 ж. — С.М.Кирова атындағы ҚазМУ заң факультетін бітірді.
2005 — 2009 ж.ж. – Алмат қаласының Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы.
2009 — 2014 ж.ж. — Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы.
2014 — 2017 ж.ж. — Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.