Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының нұсқауына сәйкес, Жамбыл ауданы аумағында 2024 жылдың қазан айының 8-12 аралығында өткізілетін «Абайлаңыз алаяқтар» акциясы аясында аудандық ПБ қызметкерлері киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыруға, ескерту, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге бағытталған іс-шараларды өткізуде.
Осы акцияға байланысты аудан тұрғындарын интернет алаяқтарынан барынша абай болуларыңызды және жақындарыңыздың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шақырамыз!
Жамбыл аудандық полиция бөлімі