Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа жақын болып, әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешу, жалған көрсеткіштен аулақ болу секілді талаптар жұмыс алгоритмінде жан-жақты қамтылған.
Жұмыс алгоритміне сәйкес кеше аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов Жайылма ауылдық округінде болып, бірқатар мекемелер мен нысандарды аралап, елді мекеннің тыныс тіршілігімен танысып шықты.
Жайылма ауылы мен Маятас және Қызылдихан елді мекендеріне арнайы атбасын бұрған аудан басшысы денсаулық, спорт, білім салалары мен қатар жол, ауылды абаттандыру,су қоймаларын, әлеуметтік және де басқа да саладағы өзгерістерге баса назар аударып, атқарылуы тиіс тапсырмаларды тиісті басшылармен ауыл әкіміне жүктеді.
Жайылма ауылдық округіне қарасты, Маятас ауылындағы Д.Сембин орта мектебінде болғанда жылыту қазандығын көріп, алдағы салынатын жаңа мектептің құрылысын ескі мектептің орнына салу тиімді және жерінің кеңдігін айтты.
Содан соң Маятас ауылдық клуб үйінің жай күйімен танысып, жылыту қазандығын қөріп қыс ауасында жылыта алмайтындығына байланысты бюджетке өтініш берілетінін жеткізді.
Ақтам елді мекенінің ішіндегі жаңа асфальт жолдың жұмысымен танысып, жол салынып қуанысып жатқан ауылдықтар қуанышымен бөлісті.
Жайылма ауылындағы А.Отарбаева атындағы саябаққа барып отырғызылған жеміс талдарын көріп, ауыл айналасын абаттандыруды тапсырды.
Аудан басшысы балалар өнер мектебіне барғанда, ұлттық киім және ұлттық аспаптарға қажетті қаражаттың алдағы уақытта ескерілетінін айтты.
– Міне, осы дәстүр елімізде қайта жанданды деген осы. Бұл қазақтың мәрттігін ғана емес, бауырмалдығын, көпшілдігін білдіреді.
Бүгінгідей індет кезеңінде бір-бірімізге қамқор болып, ауызбірлікті болу ең қажетті дүние екендігін айтқан аудан әкімі Жайылма ауылындағы асарлатып салынып жатқан үйдің құрылысымен танысты.
Жайылма ауылындағы Қ.Шалабаев және Т.Күлшеев көшелерін аралап Жайылма ауылының тыныс-тіршілігіне оң бағасын берді.