Жуырда Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округінің әкімі аппаратының қызметкерлері бірінші қабатқа толық көшті. Ауыл әкімі осы уақытқа дейін азаматтарды жоғарғы қабаттағы кабинетінде қабылдап келген. Енді, міне ыңғайластырылып, кедергісіз әкімдік режиміне көшкен. Бұл үлкен кісілерге, әсіресе мүгедек топтағы азаматтарға жеке пікірлесуге, сұрақтарын қоюға өте қолайлы. Себебі, осы «Ашық әкімдік» арқылы жоғарыға көтерілу қажет емес, қабылдауға келген азаматтарды төменнен тиісті адамдар күтіп алады. Айта кету керек, бұл жұмыстар ағымдағы жылы да белсенді жүргізіледі.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық