A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңаталаптықтармен жүздесуде

210

Жыл басы, өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істерді саралайтын сәт.
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналы сөз бар.
Өткен жылды өзге округтер секілді Жаңаталаптықтар да жақсы нәтижелермен шығарып салды.
Жалпы Жаңаталап ауылдық округінің аумағы 79625,1 гектар жерді құрайды, округте 2 ауыл орналасқан, халық саны 1898 адам.
Тұрғындардың барлығында әлеуметтік-экономикалық тараптың қол жетімдігі ұйымдастырылған.
Ауылдық округ негізінен егін және мал шаруашылығына бағытталған.
Округте жалпы халық санының 68 пайызы жұмыс жасындағылар. Білім саласы бойынша 128 адам, денсаулық сақтау саласында 7 адам, мәдениет саласында 7 адам, кәсіпкерлік саласында 34 адам, ауыл шаруашылығы бағытында 95 адам тұрақты және 50 адам мерзімді жұмыспен қамтылған.
Ауыл ішіндегі барлық мекемелердемүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар орнатылған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, 6 тонна көмір түсірілді. Еріктілер жылында ауылдыназаматтары барлық қайырылымдық жұмыстарының алдында бой көрсетті.
Округте 1 колледж, 2 мектеп орналасқан. Онда 177 білімгер, 354 оқушы дәстүрлі білім алып жатыр.
Ауылдық округте орналасқан білім мекемелерінде «Мектепке барар жол» акциясы аясында 30 отбасындағы 38 оқушыға киім кешек пен оқу құралдары берілді. Сонымен қатар 5 отбасындағы 7 оқушыға демеушілер тарапынан оқу құралдары әперілді.
2020 жылы жұмыссыз азаматтар санатынан 10 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 9 адам мамандығына сәйкес жастар тәжірибесінен өтті, 7 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасып, 32 адам жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмысқа орналасқан.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде «Еңбек» жобасы аясында 3 адам 11,4 млн. теңге несие алып, оған 80 бас қой, 10 бас жылқы, 7 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды.
Сонымен қатар 4 шаруашылық мемлекеттік бағдарламалар арқылы 4 күн батареясын орнатты және 5 жылжымалы үйшік (вагон) алды.
12 адам мал бордақылау жұмыстарымен айналысуда.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыныңшеңберінде «Бастау Бизнес» жобасымен19 адам (Жаңаталап ауылы – 10 адам, Ұйым аылы – 9 адам) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінГІ қайтарымсыз қаржатын алып, өз кәсіптерін бастады.
Округте барлығы 42 көп балалы ана бар. Олардың ішінде жыл басынан бері 11 отбасының 73 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек төленді. 11 отбасына — 6278,0 мың теңге тағайындалған. Бүгінгі күнге 6 отбасының 34 мүшесіне 248,6 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленуде.
Олардағы 1 мен 3 жас аралығындағы 5 балаға, 3-6 жас аралығындағы 10 балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер ай сайын берілуде.
Міне, осы жайлы бүгінгі Жаңаталап ауылдық округінде өткен есептік кездесуде кеңінен айтылды.
Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов ауылдықтармен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүздесті.
Бұл округтегі қоғамдық көлік қатынасы мен инфрақұрылым
Жағдайы да көңілге қонарлық.
Атап айтсақ есепті кезеңде 99,6 млн. теңгеге «Жаңа Кәрітоған» каналына, 46,0 млн. теңгеге «Сарыөзек» каналына латоктар қойылды.
4,0 млн. теңгеге Ұйым ауылындағы ескі дәрі сақтау қоймасының орны тазаланды.
20,4 млн. теңгеге Ұйым ауылынан 2 көше орта жөндеуден өткізіліп, 25,0 млн. теңгеге Жаңаталап ауылынан 1 көшеге орта жөнде жұмыстары жүргізіліп, 50 электр бағаналары мен диодты LED-шамдар орнатылды.
3,1 млн. теңгеге Саудакент-Тараз бағыты жол бойына қоршау орнатылды.
1,0 млн. теңгеге Жаңаталап ауылына кіре беріс аркасы орта жөндеуден өткізілді.
Сонымен қатар2,8 млн. теңгеге Жаңаталап ауылы Д.Сейтбаев көшесі мен Ұйым ауылының барлық көше шамдарыдиодты LED-шамдарға ауыстырылды.
«Жаңаталап орта мектебі» ғимаратының күрделіжөндеу жұмыстарына 79,8 млн теңге жұмсалынды.
Ауылдық округқа қарасты екі елді мекен халықтарын таза ауыз сумен қамт үшін 610,5 млн. теңгеге Жаңаталап және Ұйым ауылдарына ауыз су құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылға да нақты жоспарлар қойылып, мақсат айқындалған.
Жаңаталап ауылдық округі бойынша Жаңаталап ауылында ауыл жастарының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары демеушілік жасап, «Жаңаталап» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ұйым ауылының тұрғындары және ауыл жастарының қолдауымен демеушілік жасалып, жалғыз басты қарт кісіге үй салып беру үшін «Асар» тәсілімен 3 бөлмелі тұрғын үй салынды.
Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов өткен жылғы есепті кездесулерде көтерілген мәселелерге тоқталып, ондағы шешімі табылмаған, бүгінгі күнге дейін күн тәртібінде тұрған мәселелерге тоқталды.
Олар: 1. Ауыл шаруашылығының егіс алқаптарына су жеткізу және өрістегі малдарды суландыру үшін Тасарық каналын кеңейту.
«ҚазСуШар» РМК ЖФ-нің «Сарысу» ӨБ басшысы А.Төлмағанбетов — Тасарық каналына көктем айында 200 литр/с су салынып, бұл мәселе шешімін табады деп жауап берді.
2. Жарқұдық және Қырықкепе жерлеріне су жеткізу мәселесі.
«ҚазСуШар» РМК ЖФ-нің «Сарысу» ӨБ басшысы А.Төлмағанбетов — бұл мәселе бойынша Ақкөл су қоймасынан Аса өзені арқылы келеді. Алайда былтырғы жылы Ақкөл су қоймасына жиналған су көлемі аз болуына байланысты Жарқұдық және Қырықкепе жерлеріне су жеткізу мүмкін болмады. Ақкөл су қоймасына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты биылғы жылы да суландыру мүмкіндігі болмауы ықтимал.
3. Елді мекен тұрғындарының жеке сектордағы малдарына елді мекен шегінен жайылым жерлер қосып беру.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Ұзақбеков – Биылғы жылы қаржы бөлініп, жерге орналастыру жобасы әзірленген. 1300 га жер учаскесі ауыл тұрғындарының мал жайылым жеріне берілуде.
Осы кездесуде тұрғындар ағынан жарылып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Ауылдық Е.Ерубаев, Қ.Жайханов, А.Бегаулов, С.Айдарбеков , Т.Сергулиевтер аудан әкімінің еңбегін елеп, жұмыстарын жоғары бағалады.
Сонымен қатар Саудакент ауылынан мал базарын қайта ашу, егістік алқаптарына ерте көктем айында қызыл су берілсе?, Жаңаталап орта мектебі жаңынан спорт зал құрылыс салынса, жайылым жер берілсе, Ұйым ауылының тұрғындарына ауыл маңынан күл-қоқыс тастайтын орын (полигон) ашып берілсе?, Ұйым ауылының тұрғыны болған батыр атағын алған Т.Жамбылованың атын көше атауына немесе саябақ атауына берілсе деген ұсыныстарын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.