Қым-қуыт замандағы қазіргі ахуалымыздың өзегі індетті тізгіндеу жұмыстарымен, сақтықты қамдануды қажет ететін кезең екендігімен ерекшеленіп отыр. Осы тұста ауыр науқастарды сауықтыру жолында күн-түн демей көмек көрсетіп жүрген дəрігерлер қауымының еңбегі ерен.
Гиппократ антына берік жандардың жұмысын елеп-ескеріп, қолдау білдіруді қажет деп тапқан Шу қаласының тұрғыны Анарбаева Аида осы ұсынысын Жібек жолы мектеп-лицейінің 3-4 сынып ата-аналарына жəне Жетісу көшесі тұрғындарына жеткізеді. Бұл шешімді мақұлдаған тұрғындар бірден демеу білдіріп, қаражат жинайды. Жинақталған қаржылай көмек нəтижесінде екі қой сойылып, ауданымыздағы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жақсы жандардың игі бастамасы күрделі кезеңде көңіл қуантарлық ізгі бастама болды. Жан шуағын шашудан қолымыздан келгенше аянбай əрекет етуіміз індеттен аман-есен шығуымызға дəлел екенін аңғаруға болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық