Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов ауданға кіретін 3 блок-бекеттің жұмыс барысымен танысты. Алдымен Көктөбе ауылының маңына орнатылған бекеттен бастаған аудан басшысы Тасөткел, Көкқайнар ауылдық округінің тұсындағы бекеттердің беталысын көзбен көріп қайтты.
8 сағаттық ауысыммен жұмыс істеп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлері блок-бекет арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарап, тіркеп отыруды қолға алған. Күндіз-түні көз ілмей қызметте тұрған кезекшілердің ас-ауқатын жеткізіп отыруды орынбасарларыма тапсырдым.
Өз сөзінде Жарылқасын Айтақов аудан тұрғындарын тәртіпке, өзін-өзі оқшаулау міндетін орындауға шақыратынын айтып, жұқпалы індетпен күрестің ең тиімді әдісі осы болатынын жеткізді.